Жамбыл облысында жер сілкінген сәт видеоға түсіп қалған. Бейнебақылау камераларына түскен видео әлеуметтік желіде тарады.
Айта кетейік, 8 шілдеде Жамбыл облысындағы бірнеше елді мекенде жер сілкінісі тіркелді. Облыс басшысының сөзінше, қатты бүлінген нысанндар мен зардап шеккендер жоқ.
«Алдын ала мәлімет бойынша Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында бір жеке тұрғын үйдің (1970 жылы саман кірпіштен салынған), сондай-ақ аудандық архив ғимаратының (1934 жылы салынған) сыртқы қабырғалары мен...