Қазақстанда мал басы тұрақты өсіп келеді. Бұл туралы үкімет отырысында Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров айтты.
«Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша мал басы тұрақты өсуде. Жыл басынан ірі қара мал басы 23,4%-ға артты (9,6 млн бас), ұсақ мал – 7,8%-ға (26,3 млн бас), жылқы – 12,2%-ға (5 млн бас), түйе – 8,5%-ға (321,3 мың бас), құс – 2,2%-ға (47,7 млн бас) өсті», – деді министр.
Бұл ішкі нарықты етпен және сүтпен қамтуға мүмкіндік берген. Министрдің айтуынша, Алматы, Ақмола облыстарында ет өндіру көлемі артып, сүт өндірісі бойынша – Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары...