Қазақстандық қаржыгер Ғалым Құсайынов доллардың әлсіреп, теңгенің нығаюына мұнай бағасының көтерілуі ғана әсер етіп жатқан жоқ деп есептейді. Сарапшы валюта нарығындағы елеулі өзгеріс себебін Қазақстанның сыртқы қарызының еселеп артуымен түсіндірді.
Теңге неге нығайды
Экономика, банк саласы, инвестиция және валюта нарығына қатысты ой-пікірін телеграм-арнасына жаралап жүрген Ғалым Құсайынов төл теңгенің нығаюы туралы ерекше гипотеза ұсынды.
«Теңгенің нығаюы сыртқы қарыздың рекордтық өсіміне және заңды тұлғаларға валюта сатып алуға енгізілген шектеуіне байланысты», – деп жазды сарапшы.
Ол гипотезасын дәлелдеу үшін нақты мәліметтер келтірді. Мәселен, Ұлттық банк дерегінше, 2026 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның сыртқы қарызы 181,8 млрд долларға жетті. Берешек бір...