Елдің оңтүстігінде +30 градусқа дейін күн жылынады. Солтүстік пен батыста найзағай жауады деп болжануда. «Қазгидромет» 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жаңбыр, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с., түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз + 24…+26°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура +9…+11°C, күндіз + 22…+24°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с., түнде ауа температурасы +11…+13°C, күндіз + 27…+29°C. Ақтауда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с., түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз + 13…+15°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15 м/с., түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз + 12…+14°C. Атырауда...Жаңалықтар
Шымкент сотында мемлекеттік қызметкерден 10 млн теңге бопсалады делінген журналист қатысты үкім шықты.
Сот ақпаратында 2025 жылдың қазан айында журналист әлеуметтік желілерде Шымкент әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін жазба жариялап, әкімдік өкілінен өзімен 10 млн теңгеге ақпараттық мемлекеттік сатып алу шартын жасауды талап еткені айтылады.
«Бас тартқан жағдайда ер адам интернетте әкімдік қызметі туралы жағымсыз мәлімет жариялаймын деп қорқытқан. 6 қарашада ол 990 000 теңге алған. Сотта сотталушы кінәсін ішінара мойындап, соттан оны бостандығынан айырмауды сұрады» делінген хабарламада.
Сот журналисті бопсалау бабы бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, сондай-ақ, дәл...
Әнші Светлана Лобода Threads желісіндегі талқылаудан кейін өзін бешбармаққа шақырған Алматы тұрғындарының үйіне барды.
Бұған дейін ол оқырмандарынан дәстүрлі тағамнан дәм татып, «қазақша вайб» сезінуге болатын жерді айтуды сұраған. Сол кезде желі қолданушылары ең дәмді бешбармақтың үйде жасалатынын айтып, оны жаппай қонаққа шақырған еді.
Жаңа жазбасында Лобода шақырғандардың бәріне бара алмағанын, бірақ таңын Дәурен мен Маликаның отбасында қонақта бастағанын айтты.
«Сәлем, Қазақ елі) Қалайсыңдар? Қазір бір қызық айтамын!», — деп жазды әртіс.
«Өткен жазбада сіздер ең дәмді беш (ет) мейрамханада емес, үйде болатынын айттыңыздар. Менің аккаунтым қонаққа шақырулардан жарылып кете жаздады...
Қырғызстанда мемлекеттік әнұран мәтіні мен музыкасының жаңа редакциясының жобаларын іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды.
Мемлекеттік хатшы Арслан Қойшиев басқаратын комиссия құрамына депутаттар, ғылым және мәдениет қайраткерлері, филологтар, музыкатанушылар мен композиторлар енген.
Талапқа сәйкес, әнұранның жаңа мәтіні жоғары көркемдік мәнерлілікке ие, үйлесімді, салтанатты, патриоттық және эмоционалды болуы, сондай-ақ оңай жатталуы тиіс. Музыкалық шығарма тарихи мұраны, бай мәдени дәстүрлерді, елдің жоғары жетістіктерін, Қырғызстан халқының ұлттық бірлігін және Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетуі керек.
Әнұранның іріктеліп алынған үш нұсқасы 2026 жылдың 1 маусымына дейін Жогорку Кенештің қарауына ұсынылады.
Айта кетейік, әнұранды өзгерті туралы бастаманы Нұрланбек Шәкиев көтерген. Оның бұл пікірін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров
Әлемдік тұтыну тауарларының алыбы Procter & Gamble (P&G) үшінші тоқсанның қаржылық есептерін жариялады.
Reuters ақпаратына сүйенсек, Компания премиум-классқа жататын тері және шаш күтімі өнімдеріне деген жоғары сұраныстың арқасында сарапшылардың болжамынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Алайда шикізат бағасының өсуі мен геосаяси жағдайларға байланысты болашақ пайда бойынша сақ болжам жасап отыр.
Компания 1,63 доллар көлемінде түзетілген пайда тапты (сарапшылардың болжамы – 1,56 доллар). Тоқсандық табыс 21,24 миллиард долларды құрады. Премиум сегменттегі тері күтімі өнімдеріне деген тұрақты сұраныс компанияның табысына айтарлықтай үлес қосты.
Шығындардың өсуі және Таяу Шығыстағы қақтығыс әсері
Reuters мәліметінше, P&G Таяу Шығыстағы қақтығыс пен жеткізу тізбегіндегі қиындықтарға байланысты шикізат пен логистикалық шығындардың артуын...
Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы спортшысы Дина Жоламан Ақмола облысында спорт мектебінің басшысы болып тағайындалды.
Дина Жоламан ұзақ уақыт бойы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы саналды. Ол 2016 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Динаға Олимпиада тұғырын бағындырудың сәті түспеді. Оның салмақ дәрежесі тек 2024 жылы ғана Олимпиада бағдарламасына енді, бірақ ол кезде спортшы 31 жасқа толған еді. Жарақаты оған Олимпиадаға іріктеуден өтуге мүмкіндік бермеді.
Спорттық мансабын аяқтаған соң, Дина Жоламан спорт саласынан кетпеген. Ол Ақмола облысындағы туған жері Жақсы кентіне оралған. Енді оған Жақсы ауданындағы мамандандырылған балалар...
Алматы қаласының Бағанашыл шағын ауданында орналасқан №1 балалар үйінде толық қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Integra компаниясы өз қаражаты есебінен жүзеге асырып жатқан бұл жоба заманауи талаптарға сай, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз кешен ретінде салынбақ. Kursiv Media тілшісі құрылыс аумағына барып танысып қайтқан еді.
Құрылыс барысы
Жобаның жалпы құны 5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта демонтаждау жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Оның ішінде ескі үш қабатты оқу корпусы, өтпелі галерея, спорт залы, акт залы және кір жуу кешені толығымен бұзылды.
Учаске бастығы Бақтияр Қажығұловтың айтуынша, қазіргі уақытта негізгі күш төрт қабатты жатын корпусты нығайтуға бағытталған:
Теміртауда балабақша тәрбиешісі балаға күш көрсеткен, деп хабарлады қалалық білім бөлімі. «Айгөлек» балабақшасындағы бейнебақылау камерасына түскен кадрларды мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің бірінің анасы жариялады.
Бейнежазбада балалардың екі ересек адамның бақылауымен тапсырма орындап жатқаны көрінеді. Сол сәтте тәрбиешілердің бірі дәптерді нұсқап, баланы қолынан және иығынан бірнеше рет ұрады.
Баланың анасының айтуынша, болған жағдай оған қатты соққы болған.
«Балабақшада баламмен болған жағдай мені қатты есеңгіретті – тәрбиеші балама қол көтерді. Ата-ана ретінде мен үшін бұл жол беруге болмайтын, қорқынышты жағдай. Балалар қорқыныш емес, қауіпсіздік, қамқорлық пен қолдауды сезінуі керек. Мен бұл жағдайдың көпшілікке жария болғанын және...
Nike компаниясы жұмыс барысын оңтайландыру мақсатында шамамен 1400 адамды жұмыстан шығаратынын мәлімдеді. Reuters спорттық киім алпауыты бірнеше жылға созылған сатылымның құлдырауымен осылайша күрескісі келетінін жазды.
Операциялық директор Венкатеш Алагирисами қызметкерлерге жолдаған хатында қысқару Солтүстік Америка, Азия және Еуропадағы жаһандық операцияларға, негізінен технология бөліміне қатысты екенін айтқан. Бұл компаниядағы жалпы жұмыс күшінің шамамен 2%-ы.
Негізгі себеп пен нарықтағы жағдай
Nike бұған дейін қаңтар айында автоматтандыруды жеделдету үшін 775 жұмыс орнын қысқартқан болатын. Кейінгі кезде компания акцияларының бағасы 0,5%-ға өскенімен, соңғы үш жылда Nike акциялары құнының жартысынан астамын жоғалтқан. Оған On, Hoka және Anta сияқты епті бәсекелестердің нарықтағы үлесті тартып алуы себеп .
Nike...
Алматыда кәмелетке толмаған қыз мектеп балта ұстап барған. Оқушының мұндай әрекетке баруына әлеуметтік желідегі нұсқаулар себеп болған.
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлер дер кезінде әрекет етіп, мүмкін болған қайғылы оқиғаның алдын алған.
Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ жасөспірімді осы іске тартуға қатысы болуы мүмкін тұлғалар анықталып жатыр. Жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша тергеу басталды», – деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, сәйкес оқиға Атырау облысы Құлсары қаласында болған. 5 ақпан күні Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы мектепте қатарластарымен...
Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Бас штаб және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары дене дайындығы бойынша бақылау сабақтарынан өтті. Жоғары офицерлік құрамнан 12 генерал бақылау нормативтерін тапсырды.
Олар дене дайындығы бойынша сынақ тапсырып, № 3 жаттығуды (белтемірге тартылу) және № 37 жаттығуды (1 шақырым жүгіру) орындады.
Қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау сынағын Спорт комитетінің офицерлері қабылдаған. Оның барысында нормативтерді орындаумен қатар, жаттығуларды орындау техникасы, төзімділігі және жалпы дене дайындығының деңгейі ерекше назарға алынған.
Спорттық іс-шараны медициналық қажетті құрал-жабдықтармен, санитарлық көлікпен қамтамасыз етілген дәрігерлік-фельдшерлік бригада бақылап тұрған.
Қорғаныс министрлігі басшылық құрам жақсы физикалық дайындық деңгейін көрсетіп, белгіленген нормативтерді толық көлемде орындағанын...
Тимур Сүлейменов сәуір айынды инфляция төмендейтінін айтты / фото: ұлттық банк
Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте сәуірдің қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейіне болжам жасады.
2025 жылдың қыркүйегінде инфляция шырқау шегіне жетіп, 13,9% болған еді. Соңғы 4-5 айда Ұлттық банк пен Үкіметтің қабылдаған нақты шараларының арқасында инфляция 2%-ға төмендеді.
«Қараша айында базалық мөлшерлемені көтердік. Өздеріңіз білетіндей, шешімнің әсері бірден емес, белгілі бір уақыттан кейін білінеді. Міне, сол шешімнің нәтижесі дәл қазір толық деңгейде сезіле бастады. Яғни, қазір біз барлық игі істердің жемісін көріп жатқан кезеңдеміз», – деді Сүлейменов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда айлық инфляция жақсы көрсеткішті көрсетіп...
Қазақстанның Креативті индустриялар қауымдастығы Жетісу облысында әйгілі америкалық Burning Man фестиваліне ұқсас ауқымды шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы қауымдастық президенті Давид Туганов Kursiv LifeStyle басылымына айтып берді.
Қазіргі таңда жоба авторлары инвестор іздестіріп жатыр. Осындай деңгейдегі шараны өткізу үшін кемінде 100 мың доллар қажет.
«Бізде Дарбазақұм ауылының маңында, Қорғастан 40 минуттық жерде 15 гектар телім бар. Ол жерге мыңдаған адам барады. Онда ыстық қайнар көзі бар, су мен электр жарығы тартылған. Осы жердің 5 гектарын Burning Man өткізуге пайдалануға болады», – дейді Туганов.
Ұйымдастырушылар қазірдің өзінде Талдықорған әкімдігінің қолдауына ие болып, ұзақ мерзімді жоспарларын ойластырып қойған...
Бүгін, 24 сәуірде Бейжің автосалонында Li Auto компаниясы жаңартылған флагман – Lixiang L9 Livis моделін таныстырды. Оның бағасы шамамен 560 мың юань (38,1 млн теңге) деп жарияланды, ал сатылым мен тапсырыстарды жеткізу 15 мамырға жоспарланған. Бұл туралы Autohome хабарлады.
Ауқымды жаңартудан кейін кроссовердің өлшемі ұлғайған (ұзындығы 5255 мм, дөңгелек базасы 3125 мм). Сонымен қатар ол екі түсті шанақпен және алты орындық салонымен жабдықталған. Сыртқы келбеті де жаңартылып, артқы жарық жүйесі мен дизайн элементтері өзгертіліп, премиум әсері күшейтілген.
Жаңартылған нұсқа несімен ерекшеленеді
Негізгі ерекшелігі 800 вольттық архитектураға негізделген толық тәуелсіз белсенді аспа жүйесі. Бұл жүйеде әр дөңгелек жеке-жеке...
Ақмола облысы Қосшы қаласында шамамен 11,2 млрд теңгеге жаңа орта мектеп салынады. Мекемеде 1500 бала білім алады. Мектеп құрылысына қатысты тендер 24 сәуірде жарияланды.
Тендер өтеді
Астана іргесінде халық саны шарықтап дамып келе жатқан Қосшы қаласына жаңа мектеп салу туралы лотты жұма күні Ақмола облысының әкімдігі орналастырды. Тендерді талқылау 28 сәуірге дейін созылады. Сол күні құрылыс компанияларынан өтініш қабылдау басталып, нәтижесі мамырдың басында мәлім болады.
Мектеп мемлекеттің 11 млрд 195 млн 632 мың теңгесіне салынады. Тендер жеңімпазы алты ай ішінде жобалап, құрылыс-монтаж жұмыстарын 2027 жылғы 31 тамызға дейін аяқтауы тиіс.
Қосшыға мектеп қажет
Қазір Қосшы қаласында...
Атырау облысында жеңгетайлықпен айналысып, секс-қызмет ұйымдастырған 16 адам сотталды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде жаза кесіліп, пробациялық бақылау орнатылды.
Сотталғандардың арасында бес ер адам бар, өзгелері әйелдер.
Тергеу барысында анықталғандай, топ мүшелері өзара рөлдерге бөлініп әрекет еткен. Бір бөлігі клиент іздеумен айналысса, қалғандары интимдік қызмет көрсетіп отырған. Ал бес ер адам топ мүшелерін тасымалдап, қауіпсіздігіне жауапты болған.
Сот шешіміне сәйкес, жазасын қоғамнан оқшауланбай өтеуге мүмкіндік алған бұл азаматтар Атырау қалалық пробация қызметіне есепке қойылды. Қазіргі таңда олармен тұрақты түрде профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Былтыр Қызылордада осыған ұқсас жантүршігерлік оқиға тіркелген...
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ипотека мөлшерлемесіне қатысты жаңа реттеу шаралары әзірленіп жатқанын айтты.
Оның сөзінше, 1 шілдеден бастап ипотека бойынша төмендегідей шекті мөлшерлемелер бекітіледі:
Егер ипотеканың бастапқы жарнасы 30%-дан асатын болса, шекті мөлшерлеме 20%-дан аспауға тиіс. Егер бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, шекті мөлшерлеме 25%-дан аспауы керек.«Банктермен негізгі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді, дегенмен әлі де техникалық жұмыстар бар. Мамыр айында осы қаулының жобасын ресми түрде жариялайтын боламыз», – деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, бұған 7-20-20, Ұмай, Наурыз сияқты мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар кірмейді.
Бұған дейін ол 25%-бен берілетін несиелер халықтың қалтасына айтарлықтай салма...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Ол орталықты аралап, Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.
Ақылды қала
Astana Smart City – интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын маңызды бастама.
Таныстырылым барысында Presight бас директоры Томас Прамотедхам қаланың деректері мен жүйелерін нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай AI-платформаны таныстырды.
Жасанды интеллект мектебі
Сондай-ақ мемлекет басшысы елдің 14 өңірінде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі желісін іске қосты. Алғашқы...
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстандағы құдаларымен бірге «Атамекен» әнін орындады. Ол бір күн бұрын Ақордада қазақ президентімен кездескен.
Құда күту
Эфиопия азаматы Тедрос Қазақстанды екінші үйі деп санайды. Ол Instagram әлеуметтік желісіне құдалармен бірге өткізген көңілді отырыстан үзінді жариялады.
«Ардақ құдағи, Дәулет құда, ғажап кеш үшін рахмет. Қазақстандағы туыстармен бірге көңілді отырыс болды», – деп жазды шетелден келген құда.
Эфиопиядан...
2026 жылдың мамыр айы Алматы үшін нағыз «жұлдызды ай» болмақ. Қала әкімдігі жариялаған іс-шаралар кестесіне сәйкес, оңтүстік астанамызға әлемдік деңгейдегі поп-орындаушылардан бастап, аты аңызға айналған еуродиско жұлдыздарына дейін келеді.
Мамыр айының басты оқиғалары
8 мамыр күні Республика сарайында 80-жылдардағы еуродисконың жарық жұлдызы, «I Can Lose My Heart Tonight» және «Cause You Are Young» хиттерінің авторы C.C. Catch лақап атымен танымал Каролина Мюллер Алматы аспанын әнге бөлейді. Ретро музыка сүйер қауым үшін бұл таптырмас кеш.
8-9 мамыр – «Руки Вверх!»
Сергей Жуков бастаған ұжым Almaty Arena-да екі күн қатарынан өнер көрсетпек. 90-жылдардың басты хиттерін мыңдаған көрерменмен бірге шырқау қала тұрғындарыны...
Америкалық General Motors жаңартылған Chevrolet Sonic моделін таныстырды. Кроссоверге айналған модель Оңтүстік Америка елдерінің нарығында сатылымға шықты.
Көлік жақын уақытта дебют жасайтын Бразилияда да арзан модельдердің бірі болуы мүмкін. Модель Chevrolet Onix Activ пен Chevrolet Tracker арасындағы сегментте болады.
Жаңа кроссовер гибридті жүйемен де жабдықталуы мүмкін. Автокөлік 48 вольттық жүйемен және шағын 1,2 литрлік үш цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталмақ.
Еске салайық, Chevrolet бренді Өзбекстан нарығының 82%-ын иеленеді. 2025 жылы елде барлығы 433 327 жаңа автокөлік сатылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп.
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен ТМД-ға танымал әнші Светлана Лобода жанкүйерлерін таңғалдырды. Екі түрлі жанрда өнер көрсететін орындаушылар жақын арада бірлескен ән ұсынатынын мәлімдеді.
«Біз елестете де алмаған дуэт»
Лобода өзінің ресми парақшасында жариялаған жазбасында қазақ тілінде амандасып:
«Қазақстан, сәлем! Біз елестете де алмаған дуэт – жақын арада», – деп жазды.
Әншінің бұл қадамы желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Қайрат Нұртастың лирикалық-той бағыты мен Лободаның поп-дива стилі қалай үйлесетіні көпшілікке жұмбақ. Әзірге жаңа тректің қашан шығатыны белгісіз.
«Қазатомөнеркәсіп» Директорлар кеңесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 1 292,27 теңге көлемінде рекордтық дивиденд төлеуді ұсынды, жалпы алғанда 335,2 млрд теңгені құрайды.
Көрсеткіш компанияның 2024 жылғы тарихи максимумынан асып түсті. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бір акцияға 1 264,12 теңге (жалпы 327,9 млрд теңге) төленген болатын.
Акционерлер тізілімін тіркеу күні 27 шілдеде болса, 28 шілдеден бастап дивиденд төлей бастайды.
Анықтама
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран, сирек металдар, атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. 2009 жылдан бері Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы.
Әлемдегі ең ірі уран өндіруш...
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 20 мың теңгелік жаңа банкнота айналымға қашан шығатынын жариялады.
Қазақстанда қаржы саласын реттеуші мекеме 20 мың теңгенің үлгісін 2025 жылғы қыркүйекте таныстырған. Алайда жаңа банкнота әлі айналымға шыққан жоқ.
24 сәуірде Астанада өткен брифингте ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов елдегі ең құнды банкнотаға қатысты сауалға жауап берді.
«Жаңа банкноталардан айналымға шықпаған 20 мың теңгелік қана қалды. Ол бізде бар, үлгісін де көрсеткенбіз. Банкнота өндіру, банктер мен банкоматтарды дайындау сияқты шаруалар бар. Сол себепті 20 мың теңгелік кейінірек шығады», – деп түсіндірді ҰБ басшысы.
Оның айтуынша, 20 мың теңгелік жаңа банкнота...