Әлемдік бестселлер HAVAL H6 – ең көп күтілген орта өлшемді кроссоверлердің бірі – Қазақстанда ресми түрде таныстырылды.
12 желтоқсанда Алматыда өткен таныстырылымда Astana Motors құрамындағы Haval бренді Қазақстан нарығында жаңартылған HAVAL H6 моделінің сатылымы басталғанын жариялады. H6 – C-SUV сегментінде ұзақ жылдар бойы көшбасшы позициясын сақтап келе жатқан жаһандық бестселлер. Әрі отандық нарықтан тыс елдерде де кеңінен танымал үлгі.
Модельдің жаңа нұсқасы, дизайны «шығыстық футуризм» философиясын бейнелейді. Ол премиум сипаттары жоғары функционалдылықпен үйлесіп отыр.
Бұл Қазақстан нарығы үшін маңызды оқиға болды. Үлгі алғаш рет Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының конвейеріне қойылды. Локализацияның арқасында өндіруші автокөлікті жергілікті жағдайға...