Қаржы сарапшысы Отбасы банк салымшыларының бағалау көрсеткіші қандай себептермен күрт төмендеп кетуі мүмкін екенін түсіндірді.
Бағалау көрсеткіші жоғары болып, кейін күрт төмендеп кететін жағдай жиі кездесіп жатады.
Сұлтан Елемесовтің айтуынша, мұндай жағдайдың басты себебі – депозит ашу кезінде жіберілетін қарапайым қателіктер.
«Мүмкін, депозит ашқан кезде шартта көрсетілген сома дұрыс енгізілмеген», – деді ол.
Дәл осы көрсетілген сомаға қарай бағалау көрсеткіш есептеледі. Егер сома төмен көрсетілсе немесе қате енгізілсе, бастапқыда көрсеткіш жоғары болып көрінуі мүмкін, ал кейін қайта есептеу кезінде төмендеп кетеді.
«Қарапайым мысал: егер сіз 50 млн теңгеге...