Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза бір топ депутат Астанадағы LRT-мен сапар шеккенін хабарлады.
Депутат сапар қорытындысы бойынша есеп жариялап, алған әсерін бөліскен.
«Жоба құны 1 миллиард 880 миллион доллар. Иә келісем, сұмдық сома. Бекеттердің саны – 18. Бекеттер арасындағы қашықтық әр қилы. 400 метрден 2 километрге дейін. Бекеттерде эскалатор мен лифттер қарастырылған. Бір құрамның ішінде 4 вагон, бір-бірінің арасы ашық. Құрам саны – 19 дана. Поездардың интервалы 2-4 минут деп отыр», – дейді ол..
Самат Нұртаза вагондардың сапасы жақсы, пластигі жұмсақ екенін айтады. «Әуежай – Нұрлы Жол Вокзал” маршрут ытолық аяқталып, іске қосылған соң, «Қосшы...