2024 жылы жалпы ішкі өнім 4,8%-ға өскен. Биыл 5 айды бұл көрсеткіш 6%-ды құрады. Бірақ бюджет кірісі Үкіметтің жоспарынан 3 пайызға кем түсті. Бұл туралы Парламент қос палатасының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
Ал инфляция деңгейі 9,8%-дан 8,6%-ға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады.
Өйткені былтыр бюджет жоспары 97%-ға орындалып, ел қазынасына 19,6 трлн теңге түскен. Министр бюджет жоспарының толық орындалмауына бірнеше себеп бар екенін айтады.
Біріншіден, үшінші елдерден келетін импорт 2 млрд долларға азайған. Екіншіден, Теңіз кен орнында мұнай өндіру кешігіп, үшіншіден былтыр бюджет есебінен 1,3 трлн теңге...