Қазір миллиондаған адам қашықтан жұмыс істей беретін болған. Кеңсесі басқа қалада тіпті елде болса да, өзіне қолайлы жерден тапсырмасын орындайтындар жетерлік. Осы ретте жұмыс ритмі мен орнына қатысты сұрақ туады. Өнімді жұмыс істеп, қажып кетпес үшін қай жерден және қалай жұмыс істеген абзал? Өзіңізге тән жұмыс ритмін қалай табуға болады? Осы туралы айтайық.
Фриланс еркіндіктің синонимі болмауы да мүмкін
Қашықтай істейтіндерге қатысты көп тарайтын аңыз: олар қашан және қай жақтан жұмыс істейтіндерін өздері шешеді. Иә, бұл сөздің жаны бар. Бірақ іс жүзінде үнемі бәрі солай бола бермейді. Кей жағдайда ортақ байламға келу керек болып қалады. Сондықтан фрилансерлерге де...