«ҚазМұнайГаз» бен қытайлық SINOPEC бірігіп, Батыс Қазақстандағы «Березовский» кен орнын барлауға кіріседі. Бұл жайлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев пен «Sinopec-Kazakhstan» компаниясының президенті Чжао Цюаньминмен кездесуінде айтылды.
Екі тарап Батыс Қазақстан облысындағы «Березовский» барлау жобасы бойынша бірлескен қызметтер мен қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойды. Құжат бойынша, компаниялар жобаны теңдей қаржыландырады. Ал барлау кезеңін Sinopec компаниясы қаржыландыратын болады. Оның аясында тереңдігі 7 000 м болатын іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланған.
«Березовский» учаскесінің болашағы объектілері өте терең күрделі геологиялық-технологиялық жағдайларда орналасқан Каспий маңы бассейнінің солтүстік борттық аумағындағы тұзасты шөгінділерімен байланысты. SINOPEC компаниясыны...