Ресей немесе Қытай салған АЭС-тің бірінде апатты жағдай болса, оған салушы вендор компания емес Қазақстан үкіметі жауапты болды. Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі осылай деп түсіндіреді.
«Халықаралық тәжірибеге, соның ішінде 1963 жылғы 21 мамырда қабылданған, 1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен толықтырылған Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес, АЭС-тегі ықтимал оқиғалар үшін негізгі заңды жауапкершілік станция операторының мойнына жүктеледі. Мұндай модель көптеген елдерде қолданылады және залалды өтеу тетігін жеңілдетуге бағытталған», – деп жазылған агенттік хабарламасында.
Яғни атом станциясының қауіпсіздігі және болуы мүмкін кез келген апат үшін АЭС-тің операторы жауап береді. Ал...