ҚМДМ құрбан айтқа орай, құрбан шалуға тапсырыс беріп, оны бақылауға болатын арнайы сайтты іске қосты. Соның негізінде өңірлер бойынша қой бағасына шолу жасап көрдік.
Ең қымбат қой
Құрбандыққа арналған ең қымбат қой оңтүстік облыстарда. Шымкент қаласы, Түркістан мен Қызылорда облыстарында қой бағасы 100 мың теңгеден сатылып жатыр.
Мұнан кейін тізімде Жамбыл облысы жайғасқан. Онда құрбандық малы 5 мың теңгеге арзан, анығын айтқанда 95 мың теңге.
Атырау облысында мүфтият ұсынған баға бойынша қойды 90 мың теңгеге сатып алуға болады.
Ең жиі кездесетін баға
6 өңірде қой бір бағада – 85 мың теңгеден сатылып жатыр. Олардың қатарында...