Испанияның Барселона қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концертіне арналған ерекше жарнамалық науқан басталды. Қала көшелеріне Димаш бейнеленген автобустар шықты.
Димаштың ресми сайты хабарлағандай, концерт 8 қарашада Бадалон олимпиадалық аренасында өтеді. Жарнама B24 және B25 маршруттарының автобустарында орналастырылған. Бұл Барселонаның ең көп жүретін қоғамдық көліктері. Автобустардың бірі концерт өтетін аренаның дәл жанынан өтеді, ал екіншісі танымал Мagic сауда орталығында жүреді.
Осылайша, мыңдаған тұрғындар мен туристер күн сайын қазақстандық әртістің портреті бар жарқын баннерлерді көре алады.
«Бұл жай ғана керемет! Біз қазір Димаштың Барселона көшелерімен «өтіп бара жатқанына» өте қуаныштымыз. Бұл идеяны жүзеге асыруға көмектескендердің барлығына рақмет...