Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың жұбайы Ресейдегі бизнесін жаба бастады.
Mash Telegram арнасыдағы мәліметке сүйенсек, Сабуровтың әйелі Диана Сабурова «ДС Ритейл» компаниясының жұмысын тоқтатқан. Бұл компания 2025 жылы сусындар мен темекі өнімдерін саудалау үшін тіркелген.
«Соңғы 12 айда фирманың активтері 1 млн рубльге дейін өсті. Бірақ наурыздың басында Диана компанияны жабу туралы өтініш берді», – делінген жарияланымда.
БИР-Аналитик деректерінде көрсетілгендей, Диана Сабурова «ДС Ритейл» компаниясының жалғыз құрылтайшысы.
«Тоқтату процесі 16.03.2026 бастап жүргізілуде», – деп көрсетілген компания картасында.
РИА Новости басылымы атап өткендей, Сабурованың Ресейде әлі де жеке кәсіпкерліг...