Алмат Сақатов дұрыс сұхбат бермеген әйеліне қатты ренжіді. Сол үшін жұрттан «ұялып қалғанын» айтты.
«Менің әйелімді бір блогер сұхбатқа шақырыпты. «Барайын ба?» дейді. Бара бер дедім. Бәрін бүлдірген. Айтатын нәрсе көп. Блогер менің де тентек екенімді біледі. Бұзықтығым, мінезім бар екенін біледі. Соны әйелден сұраған. Сөйтсе, бәрін құртқан. Тек мақтай берген», – деп әзілдеді актер.
Алмат Сақатов елге бір жылға азық болатындай тақырып тауып бермеген жарына өкпесі қара қазандай.
«Бір күн үйге келмей қалсақ, «үнемі үйге келмейді, бір жылдап үйде жоқ» деп, «анда-санда тиын таппай қалсақ, өмірі тиын таппайды» деп, ушықтырып...