Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Астанада басына кондиционер құлап, ауыр жарақат алған фельдшердің әрекетін ерлік деп бағалады. Қазір ол реанимацияда, жағдайы өте ауыр.
Оның айтуынша, жарақат алған фельдшер сол сәтте бар мүмкіндігінше дұрыс шешім қабылдаған.
«Иә, қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтар бар. Бірақ, соған қарамастан, кейде адамдардың бойындағы адамгершілік пен кәсіби жауапкершілік алдыңғы орынға шығады. Біздің әріптесіміз дәл сол сәтте өз денсаулығын ойламай, көмекке мұқтаж адамға қол ұшын созды. Бұл – қазіргі медицина қызметкерлерінің шынайы бейнесі», – деді вице-министр.
Тимур Мұратов әріптесінің әрекетін «қолынан келгенінің бәрін істеді» деп бағалап, оны...