Қазақстандағы ең қымбат компаниялардың бірі – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының акциялары арзандауы мүмкін. Кәсіпорынның 9 айлық қаржы есебіне сүйене отырып брокерлер осындай болжам жасап отыр.
Қазіргі кезде ұлттық атом компаниясының нарықтың құны 14,6 млрд доллардан асады. Биржада бір акциясы 28 684 теңгеден саудаланып жатыр.
Соңғы айларда компания қағаздарының айтарлықтай өсуіне қарамастан, сарапшылар алдағы кезеңдегі қозғалысқа сақтықпен қарап отыр.
Брокерлер неге болжамын жаңартты?
Freedom Broker өз талдауында компания акцияларының бағасына қатысты болжамын қайта қараған. Брокер «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бұған дейінгі 29 000 теңге деңгейіндегі мақсатты бағасын аздап төмендетіп...