25-28 наурыз аралығында Астанада ФИФА-ның футболдан жаңа халықаралық жолдастық кездесулер турнирі – FIFA Series 2026 матчтары өтеді.
Қазақстан футбол құрамасы төрт команда қатысатын шағын турнирдің қожайындарының бірі болды. Жеребе қорытындысы бойынша, «Астана Арена» стадионында «төрттік финал» форматында көшбасшылық үшін Қазақстан, Комор аралдары, Кувейт және Намибия командалары бақ сынайды.
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсейітов ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»); Мұхаммеджан Сейсен («Астана»); Александр Заруцкий («Ақтөбе»); Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де «Ордабасы»); Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (барлығы «Қайрат»); Нұралы Әліп («Зенит», Ресей); Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де «Астана»); Әділбек Жұмаханов...