«Жер телімдерін таңдаудан бастап рұқсат құжаттарын алуға дейін барлық кезеңде сіздердің бастамаларыңызды қолдауға әзірміз». Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев түрік инвесторлары алдында осылай деп құрақ ұшты. Түріктермен кездесуде «ондаған миллиард теңгенің» жобалары сөз болды.
Қонаевтағы кездесу
2 желтоқсанда өңір орталығы Қонаев қаласына Түркиядан делегация келді. Арасында NATA Holding түрік компаниясының бас директоры және қаржылық, техникалық, келісімшарт бағыттарының үйлестірушілері бар. Олар Алматы облысымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Өңір әкімдігі таратқан мәліметке қарағанда, түріктермен кездесуге облыс басшысы ғана емес, Қонаев пен Алатау қалаларының әкімдері де қатысты.
«NATA Holding өзінің кең портфолиосымен, инженерлік тәжірибесімен және...