WBO және IBF әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестен оң нәтиже шығарып, яғни допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды The Ring.
«Жәнібек Әлімханұлы VADA сынағынан кейін тыйым салынған препаратты қолданғаны белгілі болды», – деп жазды The Ring.
Айыптаудан кейін Әлімханұлы X желісінде жазба қалдырып, өзінің таза спортпен айналысатынын атап өтті.
«Жаңалықтарды оқығанда таңғалдым. VADA бірінші сынақты өткізіп, бәрі таза екенін айтты. Витаминдерді қабылдау режиміне ешқандай өзгеріс енгізген жоқпын. Екінші тесте не болғанын білмеймін, сондықтан оны қайта тексеруді талап еттім», — деп жазды ол.
Осы даудың әсерінен...