Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петровка ауылының маңында Алаштың аса көрнекті қайраткері Міржақып Дулатұлының құрметіне қойылған мемориалдық кешеннің бүлінуіне қатысты пікір білдірді.
Айта кетейік, мемориалдық кешеннің бүлінген суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында әдебиет тарихшысы, сыншы, алаштанушы Заңғар Кәрімхан бөліскен еді.
Осы жағдайдан соң Kursiv.Media тілшісі бұл мәселеге байланысты СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, әкімдік жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ресми жауапқа сәйкес, мемориал құрылысы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін конструктивтік бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингке келген облыс басшысынан мәселенің мән-жайын нақтылап сұрап көрдік. Әкім сөзіне сенсек, мемориалдық кешенді салуға әу баста ресми рұқсат...