Қазақстанда концерт ұйымдастырушылары мен орындаушылар фонограмма қолдану талаптарын бұзғаны үшін 4 миллионға жуық айыппұл төлеуі мүмкін.
Бүгін Сенатта «Мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Көрерменге ескерту қажет…
Сенат депутаты Советбек Медебаевтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңда концерт ұйымдастырушылары көрермендерге фонограммамен болатыны жөнінде хабардар етуге міндетті. Ал жаңа түзетулер бұл талапты қатаңдатып, фонограмма қолдануға тікелей тыйым салуды көздейді.
Қандай жауапкершілік көзделген?
«Бұл нормалар арасында қайшылық туындамай ма? Егер фонограммаға тыйым салынса, оны бақылау механизмі қандай болады және...