Әлеуметтік желілерде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың министр қатысқан жиында сөйлеген видеосы тарап жатыр. Жаңа қызметке жақында ғана кіріскен шенеунік мүмкіндігі шектеулі жандарды Құдай «жазалады» деп сынның астында қалды.
Шенеунік жаңсақ сөйледі
28 қарашада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Алматы облысы тұрғындарымен ресми кездесуінде Қанат Есболатов қатты жаңылысып, көпшілік көңіліне тиетін сөздер айтты.
«Мүгедектердің еңсесін түсірмейік. Алла тағала бұл кісілерді, орысша айтқанда, «наказали» ғой. Сыйлайық», – деді өңір әкімінің орынбасары.
Саясаткер сөзін Талғардағы үлкен залға жиналған жүз шақты адам естіді. Арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың туыстары да бар.