Ұлыбритания «Лукойл» (Ресей) мұнай компаниясына қарсы санкцияларының мерзімін 2026 жылға қалдырды. Бұл туралы Kursiv.Media Bloomberg мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Ағылшын үкіметінің «Лукойлға» қатысты шектеулері 2025 жылғы 28 қарашада күшіне енуі тиіс болған. Санкцияға санаулы сағат қалғанда Лондон шешімін өзгертті.
Енді «Лукойл» мен оның шетелдегі еншілес компанияларына қатысты шектеулер 2026 жылғы 26 ақпанда күшіне енеді.
Bloomberg Лондонның мұндай шешімін «батыс үкіметтері энергетика гигантын қудалауда аса сақтықпен әрекет ететінін көрсетті» деп сипаттады.
Ұлыбритания Ресейдің мұнай компанияларына санкция салатынын 2025 жылғы 15 қазанда жариялаған. Шектеулерден сескенген «Лукойл» артынша шетелдегі активтерін сататынын мәлімдеген.
22 қазанда АҚШ...