Bek Air ұшағы апатында қайтыс болған ұшқыш Марат Мұратбаев пен Миржан Молдақұловтың жесірлері сотта сөйледі.
Айта кетейік, апат салдарынын 12 адам қаза тапты. Мемлекеттік айыптау болған апатқа марқұм екі ұшқыш кінәлі деп санайды.
Марқұм екі ұшқышқа Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып тағылған. Бұл бапта әуе көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдай көрсетілген.
«Қызым екі жасында әкесіз қалды»
Жарыссөзде марқұм Миржан Молдақұловтың жесірі Зауреш Молдақұлова ұшқыштар қолынан келгенін істегенін айтты.
«Жәбірленушілер неге ұшқыштарды айыптағысы келеді? Біз де жәбірленушіміз. Күйеуім қайтыс...