Мәжілістің жалпы отырысында депутат Тілектес Адамбеков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға ипотекалық несиелердің шекті мөлшерлемесін қайта қарау туралы сауал қойды.
Депутаттың айтуынша, қазіргі тұтынушылық несиелердің жылдық тиімді мөлшерлемесі 46%-ға, ал ипотекалық несиелер бойынша 25%-ға дейін төмендеген.
«Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру шаралары несиелік мөлшерлемелерді төмендетуге әкеледі ме? Тұтынушылық несиелер бойынша жылдық мөлшерлемені 35%-ға, ал ипотекалық несиелер бойынша 25%-дан да төмендету мәселесін қарастыру қажет деп ойламайсыз ба? Бұл мәселе жұмыс топтарында да көтерілді» – деді депутат.
Агенттік не дейді
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, былтыр заң қабылданғаннан кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелерін төмендеткен.