Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Мекеме былтыр 11 мыңнан астам әкімшілік іс қозғап, 1,2 млрд теңге өндіріп алған.
Тексеру нәтижесі
«Жаңа тәсілдер енгізгенін» мәлімдеген аудит комитеті 2025 жылы 1 359 іс-шара жүргізгенін, тексеру 2024 жылмен салыстырғанда 22%-ға аз екенін мәлімдеді. Ресми мәліметке сенсек, қаржы тәртібін бұзу 36%-ға ұлғайып, 462,4 млрд теңгеге жеткен. Мекеме «бір тексерудің өнімділігі үш есеге ұлғайды» деп отыр.
«Бұл ретте 418,4 млрд теңге қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылғанын айта кетейік. Бюджет пайдасына шамамен 1,2 млрд теңге өндіріп алынып, 11 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды», – деп таратты комитет.
Бұған қоса, құқық қорғау органдарына сомасы 25,7 млрд теңге болатын аудит материалдары жіберіліп, соған...