17 ақпанда Берік Уәлидің Абай облысы әкімі қызметіне тағайындалғанына тура бір жыл толды. Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы осы уақытта атқарылған жұмыстардың есебін берді. Шағын сұхбат «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.
Тоқаев тапсырмасын орындау
49 жастағы шенеунік Берік Уәли бір жылда әр салада «біраз жүйелі жұмыс жүргізілді» деп есептейді. Өңірде өткізген жиналыстарда мемлекет басшысының үлкен суретін үстелге қоюды әдетке айналдырған әкім газетке сұхбатын да президенттен бастаған.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мені туған жерім – Абай облысына әкім етіп жібергенде алдыма бірқатар міндет қойды», – дейді Уәли.
Оның айтуынша, президент оған өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілу...