Қазақстанда 7 млн теңгеге дейінгі жүрілген көліктер арасында жапон кроссоверлері мен корей седандары көш бастап тұр. Олардың басым көпшілігі жүргізушілердің сенімін ақтаған сенімді көліктер. Алайда бұрын таксиде жүрген, әбден «шаршаған» көліктер де баршылық. «В АВТО С ПРОБЕГОМ» YouTube-арнасының авторы Алматыдағы автонарықтардың бірін аралап, ең тиімді нұсқаларды таңдады.
7 млн теңге дейін қандай жапон кроссоверлерін алуға болады
5,5–7 млн теңге бюджетінде ең өтімді модельдер қатарында Mitsubishi ASX және Mitsubishi Outlander бар. 5,7 млн теңгеге 2012 жылғы, 2 литрлік қозғалтқышы және вариаторы бар ASX табуға болады. Жасына қарамастан, агрегаттары сенімді саналады, ал көлік Mitsubishi Lancer платформасында жасалғандықтан, қосалқы бөлшектерін табу...