Ресей президенті Владимир Путиннің биыл Қазақстанға шамамен қай уақытта келетіні мәлім болды. Бұл туралы көрші елдің баспасөзі жазды.
Мәскеу мен Астана Путиннің 2026 жылғы Қазақстанға сапары қай уақытта өтетінін талқылап жатыр. Бұл туралы Ресейдің Астанадағы елшісі Алексей Бородавкин хабарлады. Оның айтуынша, Путиннің Қазақстанға сапары мамыр айында өтеді.
«Жыл сайынғы осындай сапарлар дағдыға айналды. Қазір сапар күні мен келіссөздер мазмұнын анықтап жатырмыз», – дейді Бородавкин ТАСС агенттігіне.
Елшінің мәлімдеуінше, Путиннің Қазақстанға сапары екі ел қарым-қатынасы тарихындағы «ең жарқын беттерінің біріне айналады».
2026 жылғы мамырдың аяғында Астанада Еуразия экономикалық кеңесі Жоғары жиынының отырысы өтеді. Оған...