Вьетнамның ROX Group инвестициялық тобы Алматыдағы Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамытуға қызығушылық танытты. Компания қалада тұрғын үйлер, кеңселер, сауда орындары мен демалыс аймақтарын қамтитын көпфункционалды кешен салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kursiv Media қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ROX Living Global компаниясының бас директоры Чан Тхи Ми Лок бастаған вьетнамдық делегациямен кездесті. Кездесу барысында инвесторлар Almaty Downtown аумағында ауқымды құрылыс жобасын жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.
Жоба аясында тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары, сауда алаңдары, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен демалыс орындарын салу қарастырылған.
Әкімнің айтуынша, әлемнің 12 елінде жұмыс істейтін ROX Group жылжымайтын мүлік...