Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді. 2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 406 мәміле тіркелді. Бұл тамыздағы көрсеткіштен 1,1%-ға, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3%-ға аз, деп жазады Kursiv.Media.
Биылғы тоғыз айда ең көп мәміле маусымда жасалған – 39 053. Одан кейін көрсеткіш үш ай қатарынан төмендеп, қыркүйекте 35,4 мыңға түсті. Ал 2025 жылы ең жоғары көрсеткіш желтоқсанда тіркелген: бір айда 53 128 мәміле жасалды.
Өңірлер арасында Алматы мен Астана алда келеді. Қыркүйекте Алматыда 7 248, Астанада 6 119 мәміле тіркелді. Екі қалаға елдегі барлық мәміленің 37,8%-ы тиесілі.
Пәтер мен жеке үй саудасында қозғалыс әртүрлі. Тамызбен салыстырғанда пәтерлер бойынша...