Елдің оңтүстігі +40°C-қа дейін жылынып, бірқатар қалаларда шаңды дауыл тұрып, солтүстік пен батыста найзағай, бұршақ пен дауыл болады деп болжануда. «Қазгидромет» 23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с., түнде ауа температурасы +18…+20°C, күндіз + 35…+37°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура +19…+21°C, күндіз + 33…+35°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с., түнде ауа температурасы +17…+19°C, күндіз + 37…+39°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз + 25…+27°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай, жел 7-12, екпін...Жаңалықтар
Қазақстанда соңғы бірнеше жылда жол көлік апаты салдарынан зардап шеккендердің саны 2,5 есе артты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның бас штаттан тыс травматологы Олжас Бекарысов мемлекеттік органда өткен отырыста апаттар санының 127,5%-ға өскенін атап өтті.
«Жол-көлік жарақаттануы сыртқы әсерлерден болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Соңғы үш жылда тіркелген ЖКО саны 15,8 мыңнан 36,1 мың жағдайға дейін өсті, ал зардап шеккендердің саны 19,5 мыңнан 49,2 мың адамға дейін артты», – деп баяндады ол.
Бекарысовтың айтуынша, соңғы 10 жылда жарақаттардан, уланулардан және жазатайым оқиғалардан болатын жалпы өлім-жітім көрсеткіші екі есеге...
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Астана» станциясының тоқ тарту кіші станциясында қызметкердің қаза тапқанын растады және жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Астана станциясында қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қаза тапқан адамның электромеханик болып жұмыс істегені хабарланды.
«Қазақстан темір жолы» түсіндіргендей, жазатайым оқиға 14 маусымда болған.
«Жазатайым оқиға фактісі бойынша белгіленген тәртіппен тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері комиссия жұмысының нәтижелері бойынша анықталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тергеу жүргізуге қажетті көмекті көрсетуде және қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
«Қазақстан темір...
Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді (КПТҮ) жөндеуге 20,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттық сауалға берген жауабында.
22 мамырда Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров палата отырысы барысында үкіметті кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін қалалар мен облыстардың бюджеттерін кредиттеуді қайта бастауға шақырған.
Бозымбаевтың айтуынша, министрлер кабинеті депутаттардың ұсынысын қолдады. 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде үкімет бұған дейін белгіленген қаржыландыру лимитінен тыс қаражат бөлу мәселесін қарастырады. 368 үйді күрделі жөндеуден өткізуге, оның ішінде 198 лифтіні ауыстыруға қосымша 20,7 млрд теңге бөлінеді.
«КПТҮ-нің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету мәселес...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бельгия астанасына жетті. Мемлекет басшысының келуіне орай Брюссель әуежайында жоғары деңгейдегі салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Әуежайда Қазақстан президентінің құрметіне Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс және Бельгия тарапының басқа да ресми тұлғалары қарсы алды.
Сапардың негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған. Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде жоғары деңгейдегі маңызды кездесулер өтеді.
Мемлекет басшысы Еуропа Одағының басшылығымен екіжақты келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Президент Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштамен және Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі.
Екіжақты кездесулер барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы саяси, экономикалық және...
2026 жылдың басынан бері Алматыда 3 035 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 3 452 адам зардап шекті және тағы 73 адам қаза тапты. 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығындағы кезеңге арналған мұндай мәліметтер құқықтық статистика порталында жарияланды.
Бес ай ішінде ең көп апат Алмалы ауданында болды – 501 ЖКО. Екінші орында 473 оқиға тіркелген Алатау ауданы тұр. Үшінші орынды 456 жол апатымен Бостандық ауданы иеленді.
Бұдан кейін антирейтингте Әуезов ауданы – 429 ЖКО, Медеу – 369, Түрксіб – 337, Жетісу – 270 және Наурызбай ауданы – 200 ЖКО бол5ан.
Қаладағы барлық тіркелген апаттардың 60%-дан астамы төрт ауданға – Алмалы, Алатау...
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге жеделхат жолдап, елдегі өнеркәсіптік нысанда болған төтенше жағдайға байланысты қолдау білдірді.
Ресми мәліметке сәйкес, Қатардың Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында қайғылы оқиға орын алып, салдарынан көптеген адам жарақаттанған және бірқатар азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Осыған байланысты Мемлекет басшысы зардап шеккендер мен олардың жақындарына ниеттестік білдірді.
«Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын», – делінген Президент жолдаған жеделхат мәтінінде.
Айта кетейік, Рас-Лаффан – Қатардағы ең ірі индустриалды аймақтардың бірі. Бүгін осы аймақта жарылыс болды...
Оңтүстік Кореяның танымал K-pop тобы THE BOYZ-дың мүшесі Кью (шын есімі — Чи Чан Мин) Алматыға келді. Әртістің бірлескен Қазақстан-Оңтүстік Корея фильмінің түсіріліміне қатысатыны хабарланды.
Әуежайда айдолды плакаттар, фотосуреттер және сыйлықтар ұстаған ондаған жанкүйер қыздар қарсы алды. Кью жанкүйерлерімен амандасып, автограф қалдыру және бірнеше естелік суретке түсу үшін аялдады.
Жобаның өзі туралы әзірге көп мәлімет жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, түсірілім жұмыстары Алматы мен Сеулде өтеді, ал басты әйел рөлін қазақстандық актриса сомдайды. Фильмнің премьерасы жыл соңына дейін күтілуде.
Кью үшін бұл алғашқы ірі актерлік жобалардың бірі. Бұған дейін әртіс ең алдымен 2017 жылы дебют жасаған, төртінші буынның ең танымал K-pop топтарының бір...
Қазақстан азаматы жолдағы бірқатар қауіпті маневрлерден кейін Пхукет аралында ұсталды, деп хабарлайды The Phuket News. Жергілікті полицияның мәліметінше, ол адам көп жүретін тасжолда жол жауып, кейін жол-көлік оқиғасына себепкер болған.
Оқиға Пхукет әуежайының ауданында болған. Көлік тізгіндеген 30 жастағы қазақстандық әйел жолды жауып, көлік жүргізушілерге кедергі келтірген. Кейінірек оның көлігі шағын автобуспен және мотоциклмен соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам зардап шекті.
Тәртіп бұзушы ұсталды
Апаттан кейін әйелді полиция бөлімшесіне жеткізді. Құқық қорғаушылар оқиға орнын тексеріп, қатысушылар мен куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ, дәлелдемелер жинады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тәртіп бұзушыға денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан қауіпті көлік жүргізу, сондай-а...
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы «Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің саны мен еңбекақысы» атты статистикалық жинақты жариялады. Құжат ел өңірлері бойынша жалақы мен жұмыс орындарының қалай бөлінгенін көрсетті.
Есеп мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жалдамалы қызметкерлердің жалпы еңбекақы қоры 20,4 трлн теңгеден астам соманы құрады. Елде барлығы 90 541 кәсіпорын есептелсе, қызметкерлердің тізімі 4 млн адамнан асты. Іс жүзінде экономикада 3,8 млн адам қамтылған. Төлемдердің жалпы көлемінің 8,8 трлн теңгесі әйелдерге тиесілі болды.
Жалақының ең көп көлемі дәстүрлі түрде елдің ірі қалаларында шоғырланған. Алматы қаласы абсолютті көшбасшы атанды, мұнда еңбекақы қоры 3,56 трлн теңгеге жетті. Көш соңында 2,47 трлн теңге көрсеткішімен Астана тұр. Іс жүзінде тек екі мегаполистің өзі ғана 6 трлн теңгеден астам соманы...
Үш адам қайтыс болған әл-Фараби даңғылындағы апатқа кінәлі Александр Пак 10 жылға сотталды.
Сондай-ақ Пак жәбірленушіге 10 млн теңге төлеуге міндеттелді.
«Александр Пак Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын», – деді судья.
Сондай-ақ Пак өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды.
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде өтейді.
Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі айқын және куәлар жауабы және жүргізілген сараптамалар қорытындысы негізінде дәлелденген.
Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Әлібек Күмісбеков сотталушы Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды...
Жапония үкіметі шетелдік азаматтар үшін елге кіру визаларының құнын көтеру туралы шешім қабылдады.
Министрлер кабинетінің жаңа қаулысына сәйкес, бір реттік визаның құны 3000-нан 15 000 иенге дейін өседі, ал көп реттік виза 6000-нан 30 000 иенге дейін қымбаттайды. Жаңа тарифтер 1 шілдеден бастап берілген өтініштерге қолданыла бастайды.
Билік мұндай қадамды экономикалық қажеттілікпен түсіндіреді.
Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги шешім барлық факторларды мұқият талдағаннан кейін қабылданғанын айтты.
«Бағаның күрт қымбаттауы шетелдік туристердің келуіне теріс әсер етпеуі тиіс», – деді ол.
Алымдардың қымбаттауынан түскен қосымша қаражат шетелдік резиденттердің жапон тілін үйренуіне, сондай-ақ елде заңсыз болумен күрес...
Актриса әнші Айгүл Иманбаева ауласынан тағы да дуаланған қуыршақ пен фотосуретін тапты.
Табылған сәтті бейнежазбаға түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Онда қуыршақтың ішіне актрисаның суреті салынғаны көрінеді.
«Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, жүрек бәрібір де сезеді. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей-ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?» – деп жазды Айгүл Иманбаева.
Мұның алдында...
Ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелген қылмыстық топ жетекшісі Қырғызстаннан елге экстрадицияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 2007–2008 жылдары Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болған.
«Ол қайтарылмайтыны алдын ала белгілі болған несиелерді рәсімдеу арқылы қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. Алынған ақша қылмыстық топ мүшелерінің арасында бөлініп, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған», – деп түсіндірді прокуратураның баспасөз қызметі.
Қылмыс жасалғаннан кейін қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі сотталды, алайда топ жетекшісінің өзі бой тасалап үлгерген. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
«2026 жылды...
Енді телефонға байқаусызда саусағыңыз тиіп кетіп, ақылы қызметке қосылу артта қалады. Енді бұл абоненттің қос келісімімен ғана қосылады.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министргілі байланыс қызметін реттеуді қолға алды.
«Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына маңызды өзгерістер енгізді. 18 маусымда қол қойылған бұйрық азаматтарға барынша жайлылықты қамтамасыз етуге және олардың цифрлық ортадағы құқықтарын сенімді қорғауға бағытталған», – деп хабарлады министрлік.
Енді қосымша ақылы байланыс және интернет қызметтері абоненттің екі мәрте келісімімен ғана қосылады. Оны жеке кабинет, SMS, қоңырау немесе USSD-сұраныс арқылы растауға болады.
Сонымен қатар, операторларға жіберіп алынған...
Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөніс өңдейтін үлкен зауыт ашылды. Бұл жобаны Түркияның танымал «Göknur Gıda» компаниясы мен отандық «Alpecon Group» серіктестігі бірлесіп қолға алған. Жаңа кәсіпорын жылына 70 мың тонна өнімді өңдей алады
Зауыттың құрылысына 9,5 миллиард теңге жұмсалды. Ол 30 гектар жерді алып жатыр. Бұл қаржының 7,1 млрд теңгесін «Қазақстанның Даму банкі» несиеге берген. Қалғаны борышкердің жеке қаржысы.
Қазір зауыт жеміс-жидектен 13 мың тонна қою шырын (концентрат), пюре мен паста дайындайды. Бұл өнімдердің көбі шетелге, соның ішінде Түркияға сатылады.
Кейінірек зауыт алманың қалдықтарынан пектин мен алма талшығын шығара бастайды. Пектин – тамақ өнеркәсібінде өте таптырмас...
Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде нашарлап, рөлге ие бола алмай жол апатына ұшыраған. Автобус жүргізушісі оқиғадан соң қайтыс болған.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 22 маусымда Жетісу ауданында болғанын айтып берді.
«131-маршруттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota автокөліктерімен соқтығысуға жол берген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде автобус жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, соның салдарынан ол басқаруға ие бола алмай қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші қайтыс болды», – делінген ақпаратта.
Оқиға фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталып жатыр.
Осыған ұқсас қайғылы жағдай...
Францияда аптап ыстық салдарынан үш адам қайтыс болды. Елде шамамен 2700 мектеп жабылуға тиіс, өйткені дүйсенбі күні оңтүстік-шығыстағы Бордода ауа температурасы 42 градустан асып кетеді.
Reuters мәліметінше, жергілікті метеорологиялық қызмет 49 өңірде аптап ыстық болатыны туралы ескерту жариялауды көздеп отыр.
«Бірнеше күн бойы өте қатты ыстық болады. Қашан салқындай бастайтынын білмей отырмыз», – деп мәлімдеген Франция денсаулық сақтау министрі Стефани Рист жергілікті телеарна эфирінде.
Бұл уақытта Бордо өңірінде 80-95 жас аралығындағы үш қарт кісі ыстық салдарынан қайтыс болды. Жергілікті шенеунік азалы хабарды France TV телеарнасына жексенбі күні айтқан.
Испания билігі де шара...
ҰБТ кезінде ереже бұзған бір талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
10 мамырда басталған негізгі тестілеу кезеңінен бері 624 ереже бұзу фактісі анықталған. 385 талапкер смартфон, смарт-сағат, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді.
Тағы 238 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылған. Тестілеуге басқа адамның орнына кірген тұлғалар анықталмаған.
«Бейнежазбаларды тексеру барысында бір талапкердің нәтижесі жойылды. Ол тестілеу ережесін бұзған. ҰБТ аяқталғаннан кейін бейнематериалдарды талдау 31 қазанға дейін жалғасады. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже...
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында «Тұмар» мейрамханасына барған азаматтар арасында ішек инфекциясы тарады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясы белгілерімен 102 адам жатқызылды. Олардың 34-інде сальмонеллез жұқтыру ықтималдығы тіркелген.
Мұғалжар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауырғандардың барлығы қоғамдық тамақтану нысанында өткен іс-шараларға қатысқан. Яғни, бір мейрамханада отырып тамақтанған.
Денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға түскендердің жағдайы орташа деп хабарлады. Науқастар қажетті медициналық көмек алып жатыр.
Ауырған адамдардың барлығына қатысты Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шұғыл хабарлама жіберілді. Сондай-ақ бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материалдар алынды.
Осыған...
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді.
57 жастағы отандық маман өз еркімен отставкаға кетуге өтініш білдірген. Қазақстан футбол федерациясы осыған байланысты ресми мәлімдеме жасап, бапкердің шешіміне құрметпен қарайтынын жеткізді.
«Талғат Байсуфинов құраманы басқарған уақыт ішінде өзінің бапкерлік карьерасындағы ең үздік нәтижені көрсетті. Соның ішінде Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңымызда Бельгиямен тең түскен ойынды ерекше атап өтуге болады. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты», – делінген мәлімдемеде.
ҚФФ Талғат Маруаұлының кәсібилігіне, ісіне деген адалдығына және Қазақстан...
22 маусымда әлемдік нарықта алтын бағасы қымбаттады. Бұған Тегеран мен Вашингтон арасындағы бейбіт келіссөздің жалғасуы және соның салдарынан мұнай бағасының төмендеуі себеп болды. Дегенмен, Reuters басылымының жазуынша, АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) пайыздық мөлшерлемені көтереді деген болжам қымбат металдардың бұдан да жоғары өсуін тежеп тұр.
Нарықтағы алтынның спот бағасы 1,14%-ға өсіп, бір трой унциясы үшін 4.207,26 долларды құрады.
Америка Құрама Штаттары мен Иранның ресми өкілдері Швейцарияда өткен келіссөздердің алғашқы кезеңінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген. Дегенмен, Ливан мен Ормуз бұғазы төңірегіндегі саяси шиеленіс әлі де сақталып отыр.
Бұл уақытта инвесторлардың назары АҚШ Федералды резерв жүйесінің басшысы Кевин Уоршты...
Қазақстанда мемлекеттік баспана кезегінде тұрғандар саны 937 мың адамға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.
Кезек неге күрт өсті
2025 жылдың 24 мамырына дейін тұрғын үй кезегіне тек азаматтардың жекелеген санаттары ғана тұра алатын. Олардың қатарында әскери қызметшілер мен әлеуметтік тұрғыдан осал топтар болды.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістерден кейін соңғы бес жыл ішінде меншігінде баспанасы жоқ барлық кәмелетке толған қазақстандыққа кезекке тұру құқығы берілді», – делінген хабарламада.
Соның нәтижесінде кезекте тұрғандар саны күрт артты. Үкімет бұл жағдайды «уақытша қысымның әсері» деп атап, оны...
Оңтүстік кореялық чип өндіруші SK Hynix компаниясы соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет Samsung Electronics-ті басып озып, елдегі ең қымбат компанияға айналды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, 22 маусым, дүйсенбі күнгі, сауда-саттық қорытындысы бойынша SK Hynix акциялары 5,6%-ға өсіп, компанияның нарықтағы құны 2 080,4 триллион вонға (шамамен 1,35 триллион доллар) жетті. Ал Samsung Electronics қағаздары 0,14%-ға арзандап, компанияның құны 2 066,7 триллион вонды құрады.
SK Hynix-тің мұндай қарқынды өсуі жасанды интеллект саласындағы серпіліспен байланысты. Компания Nvidia және Google сияқты ірі технологиялық алпауыттардың ЖИ жүйелерінде қолданылатын жоғары жылдамдықты HBM жады нарығында көш бастап тұр. Жыл басынан бері өндірушінің акциялары 340%-дан...