Қазақстан Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 мемлекеттің ішінде 34-орынға ие болды. Ел Дания, БАӘ, ОАР, Норвегия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран сияқты бірқатар мемлекеттен жоғары орналасты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Рейтинг экономикалық және саяси ықпал, көшбасшылық, халықаралық одақтар мен әскери әлеует сияқты сипаттамаларды ескере отырып, мемлекеттердің халықаралық қуаты мен ықпалын көрсетеді. Осылайша, елдің тек экономикалық ауқымы ғана емес, сонымен бірге оның әлемдік аренадағы салмағы да бағаланады.
Рейтингте ұсынылған посткеңестік мемлекеттердің арасында Қазақстан тек Ресейге (11-орын) жол беріп, Украина (51-орын), Литва (56-орын), Беларусь (57-орын), Өзбекстан (71-орын), Латвия (74-орын), Эстония (75-орын), Армения (80-орын) және Грузияны (91-орын) басып озды.