Қырғызстан билігі ақ қант импортына алты ай мерзімге уақытша тыйым енгізуді ұсынып отыр. Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұл елдегі қант қызылшасын өсірушілер мен қант зауыттарын қолдауға бағытталған. Шектеуді 2026 жылғы жергілікті өнімді өңдеу және сату кезеңінде енгізу ұсынылған.
Қант импортының күрт өсуі мен шетелдік өнім бағасының төмендеуі осы шешімге себеп болған. 2026 жылғы қаңтар–шілде аралығында Қырғызстанға 66,9 мың тонна қант импортталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп.
Қанттың негізгі жеткізушілері – Бразилия (29,96 мың тонна), Ресей (21,23 мың тонна), Әзербайжан (8,63 мың тонна), Қазақстан (3,86 мың тонна) және Беларусь (2,03 мың тонна).