2027 жылдан бастап Қытайдан көлік экспорттау талаптары қатаңдайды. Өндірушілер шетелде сервистік орталықтары барын және олардың көліктерге қызмет көрсетуге дайын екенін құжатпен растауға тиіс болады. Жаңа талап Қытай маркаларына ғана емес, Қытайда өндірілетін еуропалық, жапондық, америкалық және кореялық брендтердің көліктеріне де қатысты. Бұл туралы Kursiv.Media РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Өндірушілер нені растауы керек?
Қытайдың Сауда министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап экспорт лицензиясын рәсімдеу кезінде өндірушілер шетелдегі сервистік орталықтарының барын және олардың көліктерге қызмет көрсете алатынын дәлелдеуі қажет.
Ол үшін компаниялар сервистік орталықтармен жасалған келісімдерді немесе өздерінің қызмет көрсету желісі барын растайтын құжаттарды ұсынуы...