Алматыдағы Канье Уэсттің концерті кезінде LED-экрандағы хабарламалардың қазақ тіліндегі нұсқасы болмағаны үшін First Media Group компаниясының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Айбар Олжай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Айбар Олжайдың мәліметінше, концерт барысында LED-экранда көрсетілген хабарламалардың мемлекеттік тілдегі нұсқасы болмаған. Осыған байланысты Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасына өтініш жолданған.
Басқарманың ресми жауабына сәйкес, First Media Group директоры Альфия Ерсұлтанқызы Нұрғұмароваға қатысты әкімшілік іс қозғалған.
Компания басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Алматыдағы Канье Уэст концерті бойынша LED-экрандағы хабарламалардың мемлекеттік тілдегі нұсқасының болмауына...