Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов Қазақстанда мұнай өнімдеріне міндетті таңбалау енгізілуі мүмкін екенін және оның елге берер пайдасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Спикердің сөзінше, биыл мұнай өнімдерін молекулалық маркалау бойынша пилоттық жоба іске қосылған. Технология отынға арнайы маркер қосуды қарастырады. Оның бар-жоғын мобильді анализаторлар арқылы тексеруге болады.
Пилоттық жоба қанша заңсыз отынды анықтады?
«Көлеңкелі нарықты анықтаудың белгілі бір әдістемесі бар. Біз 17 тауар позициясын талдадық, оның ішінде жетеуі міндетті маркалауға жатады. Осы позициялар бойынша көлеңкелі нарықтың жалпы көлемі шамамен 8,7 трлн теңгеге бағаланады. Оның 3,2 трлн теңгесі немесе 37,3%-ы мұнай өнімдеріне тиесіл...