Астанада мүгедектігі бар адамдар күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Биыл бұл күн 11 қазанда аталып өтеді. Төлем мөлшері мүгедектік тобына байланысты 86 500 теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұл көмек елорда мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларында қарастырылған.
Кімдерге беріледі
Біржолғы ақшалай көмек Астана тұрғындарының мына санаттарына беріледі:
86 500 теңге – I топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 43 250 теңге – II топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 43 250 теңге – 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға; 21 625 теңге – III топтағы мүгедектігі бар адамдарға.Өтініш беру қажет пе
Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін...