Актер Абай Асылхан әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты айтылып жүрген әңгімелерге алғаш рет пікір білдірді. Ол кейбір блогерлер мен желі қолданушыларының болжамды нақты дерек ретінде таратып жатқанын сынға алды.
«Мен туралы пікір айтылуына, сынға алынуыма немесе көзқарасыммен келіспеуге қалыпты қараймын. Әркімнің өз пікірі бар және оны білдіруге құқығы бар. Алайда жеке өміріме қатысты жағдайды толық білмей тұрып, болжам жасап, оны нақты дерек ретінде ұсыну – басқа мәселе», – деп жазды ол.
Оның айтуынша, кейінгі уақытта түрлі пабликтер, блогерлер және өзін сарапшы ретінде таныстыратын адамдар жеке өміріне қатысты пікір білдіріп жүр. Алайда кейбір жарияланымдарда оқиғаның мән-жайы...