Бүгін, 25 маусымда, BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымына банк лицензиясы табысталды. Енді ел нарығында BNK Commercial Bank атты жаңа банк пайда болды.
Банкке лицензия беру салтанатына Кореяның ҚР-дағы Бас консулы, BNK басшылығы және Қаржы нарығын реттеу және дамыту (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова қатысты.
«Қазақстан мен Кореяның стратегиялық қарым-қатынасы өзгеріп жатыр. Энергия, инфрақұрылым саласындағы серіктестік дамып жатыр. Алматыда шетелдік банктер, финтех компаниялар саны артып жатыр. Бұл өзгерістер BNK қаржы тобының жаһандық кеңею стратегиясын сай келеді. Шымкент пен Алматы тәрізді ірі қалаларда тірек нүктелерін қалыптастыру арқылы жергіліктендіру стратегиясы жүзеге асып жатыр. Одан әрі шағын және орта бизнес үшін...