2.7 млрд қолданушысы бар YouTube платформасы енді жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен контент дайындауға ден қояды. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Платформаның 20 жылдығына арналған іс-шарада YouTube жетекшілері алдағы он жылдыққа арналған жоспары туралы айтты. Alphabet компаниясына тиесілі медиа енді видеоролик дайындау барысында ЖИ көмегіне көбірек жүгінуге ден қояды.
Медиа жетекшілері болашақтың өнімін дайындаушыларға шектеу қоймайтын болды. Есесіне, оларға ЖИ-мен жұмыс істейтін бірнеше құрал көмектеседі. Соның арқасында тіпті жаңа контент пайда болмақ.
2023 жылы Голливуд бірнеше ай бойы ереуіл өткізіп, мұндай тұжырымдамаға қарсы шыққан еді. Дегенмен YouTube бас директоры Нил Мохан ЖИ мүмкіндігі басқа да контент дайындаушылар...