АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға «ірі әскери соққы» жасалғанын және ел президенті Николас Мадуро өзімен бірге әйелі ұсталып, елден шығарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
«АҚШ Венесуэла мен оның жетекшісі, президенті Николас Мадуроға ірі көлемдегі соққы берді. Ол әйелімен бірге ұсталып, елден шығарылды», — делінген жазбада.
Трамптың айтуынша, операция АҚШ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген. Ол кейінірек толық мәлімет беруге уәде етіп, Мар‑а‑Лагодағы сағат 11:00‑дегі баспасөз мәслихатын жариялады.
Венесуэла билігі бұл ақпаратты растамайды. Ел үкіметі бірнеше өңірде, соның ішінде 3 қаңтарда Каракаста және тағы бірқатар аймақта болған жарылыстардан кейін...