Қазақстандағы соттар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың азаматтық арызын қарап, оларды саяси құғын-сүргін құрбаны деп танып жатыр. Kursiv.Media жақында қабылданған осындай екі сот шешімінің көшірмесімен танысып шықты. Үкім бұдан да көп болуы мүмкін.
Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін қудаланған
Азаматтық істің бірі Ақтөбе қаласының № 3 сотына түскен. Дүйсенғали Бозжігітовтің арызы судья А.Ж. Жұмашеваның төрағалық етуімен ашық сотта қаралған. Бозжігітов «жаппай саяси құғын-сүргін құрбаны фактісін анықтау» талабымен сотқа жүгінген.
Бозжігітов Желтоқсан көтерілісі болған уақытта Қазақ мемлекеттік университеті Философия және экономика факультетінің екінші курсында оқып жүрген. 1986 жылғы 23 желтоқсанда студент «қоғамдық тәртіпті бұзды және оны милиция қызметкерлері ұстады...