Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Абдешов ұсталды. Бұл туралы Informburo.kz хабарлады.
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та 13 тамыз күні бас сәулетшінің қалалық әкімдік ғимаратында ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұған дейін бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілмеген.
«Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді»), өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК-ның ресми жауабында.
Айта кетейік, Арман Абдешов 2024 жылдың қаңтарында Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал 2025 жылдың 28 ақпанында...