Нұрлан Байжігітов тікелей эфирде депутат Ринат Зайытовтың «намаз оқитындардың 80 пайызы алаяқ» деген сөзін растады.
Тик-ток имамға бір әйел күйеуінің үстінен арызданды. Оның айтуынша, отбасында ұрыс-керіс бола қалса, күйеуі оған ұдайы «харамы» деп жекиді екен.
Нұрлан имам бұл туралы мынадай пікір білдірді.
«Иә, намаз оқиды. Бірақ тілдері екі метр. Ринат Зайытов бауырымыз намаз оқитындардың 80 пайызы алаяқ деген кезде өліп қала жаздадық. Бәріміз жабылдық. Жеп қоя жаздадық. Жеті атасын, тұқым тамырымен қазып, өлген атасының сүйегін сүйреп, апарып тастағандар бар», – деді Нұрлан Байжігітов.
Оның пікірінше, намаз оқитындар да боқтайды. Баласын, әйелін ұрып өлтіріп жатқандар да...