Биыл дорама индустриясында креатив аспаннан жаңбырша жауды деуге болады. Өйткені корей сценаристері мен режиссерлерінің жарыққа шығарған туындылары көрерменін тауып қана қоймай, таң-тамаша қылды. 2025 жылы шыққан дорамалардың ішінде әдеттегідей іңкәр махаббат хикаясы да, 80-жылдарға саяхатқа апаратын ностальгия да, хоррор да бар. Одан қала берді аты аңызға айналған актерлердің индустрияға қайтып келіп, фанаттарына сый жасағанын айтпай кетуге болмас. Олай болса, 2025 жылы шыққан және жыл соңына дейін тұсауы кесілетін 10 дорамадан тұратын топтамамызды назарыңызға ұсынамыз.
Жаңалықтар
Гонконгтың Cathay әуекомпаниясы Қазақстанға рейстер орындауы мүмкін. Бұл туралы көлік министрлігі азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Екі елдің авиациялық билігі келіссөздер өткізіп, халықаралық бағыттар бойынша ұшу географиясын кеңейтуге келіскен.
Сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр.
Келіссөздердің нәтижесінде, әр елдің әуекомпаниялары үшін рейстер саны аптасына 7-ден 14-ке дейін ұлғайтылды. Оның ішінде аптасына 7 рейс «ауа кеңістігінің бесінші дәрежелі еркіндігі» қағидасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл қазақстандық тасымалдаушылар үшін Гонконг әуежайының әлеуетін пайдалануға, сондай-ақ гонконгтық әуе компанияларына қазақстандық әуежайларды қолдануға мүмкіндік береді.
Келіссөздер барысында Гонконгтың «Cathay» әуекомпаниясының өкілі жаңа әуе кемелерінің келуін ескере отырып, Қазақстанға тікелей рейстер ашу жоспары...
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қайтыс болды. 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға бара жатқанда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Содан кейін екі әйел санитариялық авиация бортымен Жаңаөзеннен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, екі әйелдің жағдайы тұрақтанған соң олар Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығының клиникасына жеткізіледі.
«Ауыр жағдайдағы екі пациентті одан әрі емдеу бойынша бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық орталықтары мамандарының қатысуымен телемедициналық консультациялар өткізілді. Алдағы күндері оларды Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жатқызу ұсынылды», – делінген ақпаратта.
Өрт сөндірушілер робот-құтқарушыны меңгеріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілердің жеке құрамы ерекше техника – өрт сөндіруге арналған робот-құтқарушыны пайдалануды үйренген.
«Оқу-жаттығу барысында мамандар роботтың нақты қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, оның мүмкіндіктері мен басқару қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қашықтықтан басқару пультінен лафеттік оқпан арқылы су беруді көрсетуге ерекше назар аударылды», – делінген ақпаратта.
Бұл робот адам өміріне қауіп төнген жерлерде, жарылыс қаупі төнген немесе зиянды заттары бар аймақтарда өрт сөндіру үшін пайдаланылады. Ол өрт сөндіру заттарын өрт сөндірушілер үшін қауіп-қатерді барынша азайтып, қауіпсіз қашықтықта беруге қабілетті.
Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Криминалдық полиция департаменті іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын Алматыда ұстаған.
Ол 17 жыл бұрын Бішкек қаласында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше.
Айта кетейік, қыркүйектеіз деуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері анықталды. Бұдан басқа, ТМД елдері мен алыс шет елдер үшін 28 қылмыскер ұсталды.
Астана қаласында Молдова Ішкі істер министрлігімен, 12 жылдан бері іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Ол сол елдің азаматынан жүз елу мың АҚШ долларын бопсалап алған.
Непалда ауқымды наразылықтардан кейін жаңа уақытша премьер-министр тағайындалды. Бұл қызметке 73 жастағы Сушила Карки келді. Ол – Жоғарғы соттың бұрынғы төрайымы және мемлекет тарихында бұл қызметті атқарған алғашқы әйел.
CNN хабарлауынша, оның кандидатурасын жастар наразылығының қатысушылары қолдап, Discord мессенджерінде дауыс берген.
Айта кетейік, елдегі наразылықтардың басты қозғаушы күші – Gen-Z жастар қозғалысы. Көтеріліс басылып, ішкі пікірталас жүргізгеннен кейін бұрынғы Жоғарғы сот төрайымы Сушила Каркидің басшылығымен уақытша үкімет құру ұсынылды. Бұл ұсыныс Непал армиясы штабының бастығы Ашок Раджа Сигделге жолданған.
Ливерпульде 2025 жылғы Әлем чемпионаты финалына кімдердің шыққаны белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Оның ішінде екі қазақстандық боксшы бар: ерлер арасында – Айбек Оралбай (90+ кг), әйелдер арасында – Аида Абикеева (65 кг). Екеуі де өзбекстандық боксшылармен кездеседі.
Ерлер. 60 кг. Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Луис Габриэл де Оливейра (Бразилия)
Ерлер. 75 кг. Рами Киван (Болгария) – Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)
Ерлер. 90 кг. Исаяс Сантос Рибейро Фильо (Бразилия) – Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
Ерлер. 90+ кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Әйелдер. 57 кг. Юлия Шеремета (Польша) – Жасмин (Үндістан)
Әйелдер. 60 кг. Ребека Де Лима Сантос...
Қазақстанның мемлекеттік қаржысы соңғы жылдары үлкен өзгерістерге тап болып отыр. Экономикалық өсім қарқыны, әлемдік нарықтағы құбылмалы жағдайлар, әлеуметтік міндеттемелердің артуы – мұның барлығы республикалық бюджеттің құрылымы мен басымдықтарын әсер етуде.
2026 жылғы республикалық бюджеттің шығысы қандай?
2022-2024 жылдардағы бюджеттік дағдарыстан кейін, Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Ұлттық қор трансферттеріне де өзгерістер бар. Сонымен қатар келесі жылдың қаңтарынан жаңа салық ставкалары да іске қосылады.
2026 жылдың бюджетін Үкімет бекітіп, парламентке ұсынды. Келер жылдың республикалық бюджетінде еліміздегі 20 өңірдің тек Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысы донор ретінде орталық бюджетке 880 млрд теңге аударуға тиіс болса, қалған 17 өңір...
Павлодарда облыс прокуратурасының қызметкеріне қатысты тергеу басталды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, тұрғын прокуратура қызметкерінің үстінен арызданған. Оның алаяқтық жасағанын мәлімдеген.
Содан кейін Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Алайда қызметкердің аты-жөні нақтыланбады.
Қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды.
Бұған дейін Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіров қызметінен шеттетілді.
Энергетика министрлігі Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі азайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Министрліктің хабарлауынша, өндіріс көлемі жеті айда 9,2%-ға өскен.
«2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 17,3 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,46 млрд текше метрге немесе 9,2%-ға артық», – делінген ақпаратта.
Ведомство БАҚ-та тараған өндірудің төмендегені жөніндегі ақпарат ресми деректерге сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
«Ұлттық статистика бюросының жедел деректері оң динамиканы растайды: өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,1%-ды құрады», – делінген ақпаратта.
Атырау облысында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Редакцияның хабарлауынша, Бисен Құрманғазы ауданынан іссапардан оралған соң, облыс әкімдігі ғимаратында ұсталған.
Ол мердігер ұйым басшысынан пара алды деген күдікке ілінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, компания кеңсесінде және әкімдік ғимаратында тінту жүргізілген.
Қазір шенеунік қолхатпен босатылған. Тергеу жалғасып жатыр.
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астана мен Шымкентке келеді.
Ресей православ шіркеуінің басшысы елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады. 18 қыркүйекте ол Астанада салынып жатқан рухани-ағартушылық орталығын аралайды.
Сондай-ақ Преподобный Сергий Радонежскийдің атына арналған жаңа шіркеуге барады. Сол күні Астанадағы Свято-Успен кафедралды соборында молебен өткізеді.
19 қыркүйекте Патриарх Кирилл Шымкентте салынған шіркеуге барады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі Астанада 17-18 қыркүйекте өтеді. Әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп жоспарланған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Turning Point USA ұйымының негізін қалаушы және белсенді Чарли Киркке қатысты қылмыс бойынша күдіктінің ұсталғанын айтты.
«Оны ұстағанымызды сенімді түрде айта аламын. Ол қамауға алынды», – деді Трамп Fox News эфирінде.
Президенттің айтуынша, ол тергеу кезінде жүргізілген ауқымды жұмыс нәтижесінде қамауға алынды.
Қыркүйекте АҚШ-та белгілі саяси белсенді әрі Дональд Трамптың жақтасы Чарли Киркке қастандық жасалды. Оқиға Юта штатының Utah Valley университеті кампусында ел алдында сөз сөйлеп жатқан кезде болды.
31 жастағы Киркке белгісіз біреу 100–200 метр қашықтықтан оқ атқан. Мойнынан жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілд...
Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 2,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Қаржылық есептіліктің депозитарийі жарияланған құжатта көрсетілген.
Құжатта ҚБТУ-дың жалғыз акционері 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдағаны айтылған. Яғни, пайда акционерлерге емес, университеттің өз дамуына жұмсалады.
Дәл осындай шешім 2022 жылдың қорытындысы бойынша да қабылданған болатын, ол кезде университеттің таза пайдасы 1,6 млрд теңгені құраған. Ал 2023 жылға қатысты ақпарат ашық дереккөздерден табылмады.
Айта кетейік, университеттің Назарбаевтар әулетінен қайтарылғаны туралы ақпарат 4 наурызда тарады. Қаржы есептілігі депозитарийінде ЖОО-ның «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорынан» (NNEF) қайтарылып, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» меншігі ретінде тіркелгенін туралы...
Алматының авиациялық көлік прокуроры Ақтау қаласының мамандандырылған сотының шешіміне шағым түсірді. Бұған дейін сот ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Ерболат Әбдіровке қатысты істі тоқтату туралы шешім шығарған.
«Осы сот актісінің заңдылығы мен апелляциялық шағымның дәлелдері Маңғыстау облыстық сотында белгіленген тәртіпте қаралатын болады.
Қызметтік тексеру жүргізілуіне байланысты «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 38-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес Әбдіров Ерболат оның жауаптылығы туралы мәселе түпкілікті шешілгенге дейін қызметінен уақытша шеттетілді», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Әбдіровтің Алматы әуежайында ұсталып, айыппұл арқалағаны хабарланды. Содан кейін Маңғыстау облысы прокуратурасы оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеген.
Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы ел болып халықаралық Porsche Experience бағдарламасын өткізді. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Франция, Әзербайжан, Румыния, Өзбекстан және басқа елдерден 130-дан астам қатысушы жиналған.
Алғашқы күнгі іс-шаралар жобаның негізгі серіктесі атанған «Сокол» спорттық-техникалық кешенде өтті. Автодромда ұзындығы 4 495 метр, оның ішінде 13 бұрылыс пен сағатына 250 шақырымға дейін жоғары жылдамдықты үдетуге мүмкіндік беретін түзу жол бар. Алаң марка автомобильдерінің мүмкіндіктерін көрсетуге барынша ыңғайлы.
Жарыстарға брендтің сертификатталған спорт жаттықтырушыларының жетекшілігімен 12 Porsche көлігі қатысқан. Қатысушылар аты аңызға айналған 718 және 911 спорткарларың, Taycan электркарын, Panamera бизнес-седанын және флагмандық SUV Macan және Cayenne көліктерін сынап көрді.
Келесі күні 14 Porsche көлігінен...
Елімізде Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Дайындық Маңғыстау облысында басталады. Ол жерде «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен «Айбалта-2025» екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
«Дайындық барысында 12 қыркүйектен бастап бірқатар облыс аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – темір жол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады», – делінген ақпаратта.
Сол уақытта жекелеген аудандарда уақытша шектеулер болуы мүмкін. Министрлік азаматтарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Үкімет 202 жобаны жүзеге асырып, елді импортқа тәуелділіктен арылтпақшы. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Вице-премьер Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік жобаларды кең ауқымда тарату және инфляцияны тежеу мәселелері бойынша жиын өткізген. Жиын барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы АӨК-тің 12 бағыты бойынша 202 жобаны қамтитын 2025–2027 жылдарға арналған «Инвестицияға тапсырыс» тұжырымдамасын таныстырған. Оған сәйкес, импортқа тәуелділігі жоғары өнімдерді өндіру қуатын арттыру көзделген.
Атап айтқанда, елде аз өндірілетін мынадай өнім түрлеріне басымдық берілмек:
құс еті (қамтамасыз етілу деңгейі – 79%); ірімшік пен сүзбе (52%); қант (33%); шұжық өнімдері (60%); балық өнімдері (67%).Сонымен қатар астық, картоп, жеміс-көкөніс дақылдары, тер...
Голливуд жұлдыздары арасында «жалаңаш көйлектер» сәнге айналды. Дүбірлі шоулар мен үлкен премьерларға актрисалар мен әншілер осындай көйлек киюді әдетке айналдырған. Матасы өте жұқа, тәнге жабысып тұратын көйлектер «naked dress» деп аталады. Бірақ бұл кеше ғана келген тренд емес.
Тренд бастаушы – Мэрилин Монро
Алғаш болып жалаңаш көйлекті киген – әйгілі жұлдыз Мэрилин Монро. 1962 жылы Madison Square Garden-де президент Джон Кеннедидің алдында ән айтқанда, дәл осы көйлекті киіп шыққан. Ең атақты образ ретінде тарихта қалған көйлекті безендіру үшін 2500 ұсақ жылтыр тастар қажет болған
Бастапқыда мұндай киім үлгісімен шығу бәрінің қолынан келе бермейтін. Екі мыңыншы жылдары голливуд жұлдыздары...
Астанада әнші әрі блогер Рүстем Жүгінісовке қатысты әкімшілік іс сотқа жетті. Ол Ақтөбедегі мешітте болған жағдайдан кейін, бойжеткенге қарата айтқан сөзі үшін әлеуметтік желіде сынға қалған еді.
Бұған дейін Ақтөбедегі мешіттердің бірінде ер адам қызға «бір реттік неке» ұсынған. Жәбірленуші Эммануэлла Наурызбаева бұл жайында әлеуметтік желіде жазып, өзіне тиіскен адамның видеосын жариялады. Полиция видеодағы адамды тауып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы, 2-бөлігі («қоғамдық орындарда тиісу») бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ер адам бес тәулікке қамалды.
Ал Рүстем Жүгінісов бұл жағдайға пікір білдірді.
«Егер мешітте солай жүрсеңіздер, ер адамдар жаман ойға кетеді. Сондықтан абай болыңыздар...
Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар енді «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотека бойынша пәтер мен үй алудың жаңартылған ережелерін пайдалана алады. Банк бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін және неден бастау керектігін түсіндіріп берді.
«Барлығы Отбасы банкіндегі депозиттен басталады. Клиент шот ашып, пәтер құнының кемінде 10% мөлшеріндегі бастапқы жарнаны біртіндеп жинайды. Одан кейін Baspana Market порталында жарияланатын тұрғын үй нұсқалары мен қатысу шарттарына қатысты конкурстарды қадағалап отыру қажет», – делінген ақпаратта.
Депозитті бірнеше жолмен ашуға болады: Otbasy Bank мобильді қосымшасы арқылы, банк бөлімшелерінде немесе кеңес беру орталықтарында.
Айта кетейік, тұрғын үйлерді мемлекеттік бағдарламалар...
Bank RBK 2024 жылғы жұмысының нәтижесінде акционерлеріне 28 млрд теңгеден дивиденд үлестірді. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды.
Банк қарапайым акция иелеріне 27,7 млрд теңге төледі. Төленген сомаға шаққанда бір акцияға тиесілі дивиденд мөлшері 17,22 теңге болды.
Бұдан бөлек, банк артықшылықты акциялар иелеріне де дивиденд аударған. Бұл мақсатқа 477 млн теңге бөлініп, бір артықшылықты акцияға шаққанда төлем мөлшері 1 060 теңгені құрады.
KASE деректеріне сүйенсек, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк капиталының 89,77%-ы «КСС Финанс» компаниясына, тағы 6,49%-ы банк басшысы Наталья Акентьеваға тиесілі.
Айта кетейік, Forbes Kazakhstan рейтингінде Владимир Ким Қазақстандағы ең дәулетті адамдардың
2025 жылдың 7 айында Астана экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Астанада экономикалық өсім қарқын алды. Биылғы 7 айда елордаға тартылған инвестиция көлемі 42%-ға артып, 1,2 трлн теңгеге жетті», – делінген әкімдік хабарламасында.
Соның ішінде жеке инвестициялар 25,4%-ға өсіп, 780 млрд теңгені құраған. Сонымен бірге өңдеу өнеркәсібі саласында да оң өзгерістер байқалған. Мәселен, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі 10%-дан асып, 2,5 трлн теңгеге жетсе, биыл өңдеу өнеркәсібі саласында жаңа өндірістерді іске қосу есебінен көлемді 7%-ға арттыру көзделген. Биыл...
Ресейдің Орталық банкі 12 қыркүйекте базалық мөлшерлемені 18-ден 17%-ға дейін түсірді. Қаржы ұйымы мұны инфляцияны күшейтетін қысымдардың сақталуымен, қайта жандана бастаған несие өсімімен түсіндірді.
«Қазіргі баға өсімінің деңгейі айтарлықтай өзгермей, жылдық есепте 4%-дан жоғары қалып отыр. Экономика біртіндеп теңгерімді өсімге оралып келеді. Соңғы айларда несие беру қарқыны күшейді, ал халықтың инфляцияға қатысты болжамы әлі де жоғары», – деп түсіндірді шешімін қаржы ұйымы.
Ресей Орталық банкі базалық мөлшерлемені қатарынан үшінші рет төмендетіп отыр. 2024 жылдың қазанынан бастап ол 21% деңгейінде тұрған еді.
Ресей банкі инфляцияны 2026 жылы нысаналы деңгейге қайтару үшін ақша-несие саясатын қатаң ұстай...