Ішкі істер министрлігі аккаунтты алаяқтардан қорғау жолындағы қарапайым алайда маңызды ережелерді еске салды. Полиция нұсқаулығы төменде ұсынылып отыр.
Құпиясөз 12345 болмауы керек! Ұзын, күрделі құпиясөз қойыңыз: бас және кіші әріптер, сандар және арнайы белгілер (@, #, &) болсын. Аты-жөніңізді, туған күніңізді немесе қарапайым сөздерді қолданбаңыз.
Құпиясөзді дұрыс сақтаңыз. Телефондағы «Жазбалар»-ға немесе қағазға жазбаңыз. Оның орнына пароль менеджерін қолданыңыз – ол сізге жаңа құпиясөз құрып, сақтап, қажет болғанда ауыстырып береді.
Видео мен қоңыраудағы адамды тексеріңіз. Алаяқтар дипфейк қолдануы мүмкін. Сөйлесіп отырған адамнан басын бұруын немесе жанында тұрған затты көрсетуін сұраңыз. Шұғыл ақша жібермеңіз — «туыс» болса да, алдымен қоңырау шалып...