Астана қаласындағы жанармай құю бекеттерінде Аи-92 бензинінің бір литрі шамамен 233 теңгеден сатылып жатыр. Биыл ақпанның басында ғана, мемлекет баға шегін реттеуді алып тастаған уақытта жанармайдың осы түрі 205 теңге тұратын.
Осылайша, жеті жарым айдың ішінде Аи-92 бензинінің бағасы 13,7%-ға көтерілгенін көріп отырмыз. Бұл қаңтар-тамыз айларында 8,5% болған ресми инфляциядан әжептәуір жоғары көрсеткіш.
Атап айтқанда, Qazaq Oil жанармай құю бекеттерінде Аи-92 бензинінің бір литрі 233 теңге, Аи-95 – 276 теңге, Аи-98 – 314 теңге, ал дизель отыны 319 теңгеден сатылып жатыр.
Compass желілеріндегі баға: Аи-92 – 233 теңге, Аи-95 – 290 теңге, Аи-98 – 335 теңге.
Бұл уақытта «Аурико» станцияларында Аи-92 бензинін...