Мәжіліс тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтіп, айыппұлдарды көтермекші. Бұл жайлы инстаграмдағы тікелей эфирде депутат Мұрат Әбенов түсіндірді.
«Тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұлды көбейтеміз. Яғни сатушы тауар үшін ақшаны қайтарып және оның үстінен тағы айыппұл төлеуі керек. Бизнес сіздің мәселені шешуге мүдделі болатындай етіп жаздық. Мәселен, 1 млн теңгенің тауары үшін ақшаны қайтарады және үстінен 100 мың теңге айыппұл береді. Кәсіпкерге тұтынушының құқығын бұзу тиімсіз болуы керек», – деді ол.
Жобадағы тағы бір өзгеріс – whatsapp хабарламаларды құжат деп танитын болды.
«Қазір көпшілігінде онлайн келісім, бірақ адамдардың қолында ештеңе жо...